Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жамбыл-«Өрлеуде» Отан қорғаушылар күні өтті

06.05.2019 pdf_icon 123 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Жамбыл-«Өрлеуде» 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара өтті. Бұл күн бізге Кеңес әскерінің құрамында өз борыштарын атқарған аталарымыз бен әкелерімізді, ағаларымызды ұлықтауға мүмкіндік береді және олардың ерліктері мен ержүректіліктеріне тағзым етеміз.

Бұл күн аптал азаматтарымызды құттықтайтын күн болғандықтан, Жамбыл-«Өрлеу» қыз-келіншектері филиал директоры – сол күнгі әскери штабтың басшысы қызметін атқарған Гульшат Медетбекованың басшылығымен әскери форма киіп, әртүрлі байқаулар, би, «Белое солнце пустыни» кинофильмінен қойылымдар көрсетіп, ауқымды іс-шара ұйымдастырды.

Филиал жігіттері қатысқан Байқаулар әскер тақырыптарды қамтыды: «Автодром», «Картоп тазалау», «ДАРТС», «Газтұтқышты уақытқа кию», «Автоматтың оқ қорабын толтыру», «Сүйіктіме хат».

Аталған Байқауларға қатысқан филиалдың жігіттері ержүректілік, рухтың тұрақтылығы, шапшаңдық, жылдамдық және өз ойларын қағазға түсіру секілді қасиеттерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша барлық командалар мен филиал жігіттеріне сыйлықтар тапсырылды.

 

Шынар Қоянбаева,

курстан кейнгі қолдау және инновацияларды

енгізу зертханасының PR SMM маманы