Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Құрбан болғандарды мәңгі есте сақтаймыз! Тірілерге мәңгілік атақ-даңқ!

08.05.2019 pdf_icon 154 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

4 мамыр мен 8 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – алапат соғыста жеңіске жеткен және сұрапыл соғыс уақытының барлық қиындықтарын (ауыртпашылығын) жеңіп шыққан адамдарға құрмет көрсету.

Осы мерекелік күндері филиалдың кітапханасында «Соғыс. Жеңіс. Естелік. Қазақстанның қорғаушылары: мамырдағы әскери даңқ күндері» тақырыбындағы көрмесі өтті. Онда қызметкерлер мен біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың ерлік істері туралы кітаптармен, фотоальбомдармен, материалдардың жинақтарымен, биографиялық очерктермен және әңгімелермен танысты.

2019 жылдың 6 мамырында филиал мұражайында «Ұлы жеңісті» тойлау қарсаңында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ ССР кәсіби техникалық білім беру ісінің үздігі Бекеев Ғазиз Малгаждарұлының 95 жасқа толуына арналған іс-шара өткізілді.

Бұл шараға ардагердің жұбайы - Зоя Дауылбекқызы, балалары, немерелері, бірге қызмет істеген әріптестері, әскери даңқ мұражайының қызметкері Рүстем Төлегенұлы, Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қызметкерлері - директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Б. А. Сибанбаева, мұражай жетекшісі С. Б. Акбаев, сондай-ақ    Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері қатысты.

Кездесуге келген қонақтар өздерінің естеліктерінде еліміз үшін қайғылы және ерлік жылдарындағы Г.М. Бекеевтің тек жеке өміріндегі оқиғаларға ғана тоқталып қалған жоқ, сонымен бірге қазіргі ұрпақтардың ашық аспаны, бейбіт күндері үшін бүкіл халықтың жасаған ортақ ерлігін көтерді.

8 мамырда мерекелік іс-шараларды өткізу аясында филиал қызметкерлері мен оқытушылары Жеңіс саябағында «Даңқ» ескерткішінің мәңгілік алауы алдындағы митингке қатысты. Біздің халқымызға жеңіс сыйлаған майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен құрметтеп еске алды.1944 жылыдың сәуірінде Днестра өзені арқылы өтетін өткелді қорғауда ерлікпен қайтыс болған біздің жерлесіміз, педагог, Кеңес Одағының Батыры -Канаш Камзиннің ескерткішіне гүл шоқтары қойды.

Соғыста қаза тапқандарды, госпиталдарда және соғыстан соң қайтыс болғандарды мәңгілік есте сақтаймыз.