Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Инновациялар курстарында:педагогтарды даярлау жалғасуда

15.05.2019 pdf_icon 129 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» 2019 жылдың І жарты жылдығында білім беру мазмұнын жаңарту аясында Ақмола облысы педагогтарының қарқынды курстық даярлығын жүргізуде.  Біліктілікті арттыру курстары филиал базасында және тікелей аудандарда өтеді.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында ағымдағы жылдың 13 мамырынан Көкшетауда филиалдың базасында 10 курста облыстың 304 педагогтері білімдерін толықтырып шыңдауда,осымен қатар екі курс Шортанды және Целиноград аудандарында өткізілуде.

Курстық дайындық 11 бағыт бойынша өтеді:бастауыш сыныптары, ағылшын тілі, биология және жаратылыстану,химия және жаратылыстану, математика, Қазақстан тарихы және құқық негіздері, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, бейнелеу еңбегі,денешынықтыру.

Біліктілікті арттыру курстарында оқыту барысында педагогтар оқытудың жаңартылған бағдарламалары шеңберінде оқытудың теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін меңгереді. Курс соңында курс тыңдаушылары қысқа мерзімді сабақты жоспарлау презентациясын қорғау түрінде емтихан тапсырады.

Осы аралықтарда екі бағытта қысқа мерзімдік курстар да өткізілуде:мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілерге, және облыстың әлеуметтік педагогтеріне.

Осыдан басқа аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің өтініштері негізінде филиалдың оқытушылары ақылы түрде әр түрлі бағыттарда біліктілікті арттыру курстарын өткізуге арқашан дайын.

 

Курстық дайындыққа қатысты ақпаратты оқу бөлімінен көрсетілген телефон арқылы біле аласыздыр 8/7162/25-24-99.

 

Біз педагогикалық кадрларды инновациялық білім беру тәртібіндегі жұмысқа дайындаудағы ынтымақтастыққа қуаныштымыз.

        

Осы және Сіздерді қызықтырған ақпараттарды әлеуметтік желілерде филиалдың парақшаларынан табасыздар:

Фейсбук: www.facebook.com/pg/Akmolaipk/

Инстаграм: @orleu_akmola.region

Филиалдың Ютуб арнасы: Ақмола Өрлеу Педагог әлемі

және филиалдың сайтынан: www.akmol-orleu.kz/

Әлеуметтік желілерде Фейсбук, Инстаграм,  Ютубта біздің парақшаларға жазылсаңыздар Сіздер барлық жаңалықтарды білетін боласыздар!!

 

 

М.С.Сайдалин