Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Интернаттық білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізудің ерекшеліктері

15.05.2019 pdf_icon 115 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалында әдістемелік құралдарды жариялау бойынша тақырыптық жоспардың орындалуына сәйкес «Интернаттық білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің кәсіби бағдарлануы өмірде табысты әлеуметтенудің шарты ретінде» атты әдістемелік ұсынымдары әзірленді және шығарылды. Оның авторлары: облыстың интернаттық ұйымдары педагогтерінің шығармашылық тобының жетекшісі, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма бастығы Г.К. Курманова және Павлодар қаласының Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының педагог-тәрбиешілері.

Әдістемелік ұсынымдардың өзектілігі еліміздің инновациялық - экономикалық даму жағдайында «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру» ұлттық жобасын іске асыруға бағытталған тәрбие үрдісін жүзеге асырудың жаңа амалдарын енгізуге байланысты.
Әдістемелік ұсынымдарды құрастыру логикасы кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру бойынша интернаттық қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың негізгі кезеңдерін көруге мүмкіндік береді: кәсіби бағдар беру жұмысын жобалау бойынша педагогикалық мәселелерді анықтау; корпоративтік оқыту түрінде педагогикалық ұжымды үздіксіз оқыту жүйесін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін сипаттау, тәрбиеленушілердің мамандықты саналы түрде таңдауға дайындығын қалыптастыру бойынша педагогикалық амалдардың арсеналы; кәсіптік бағдар беру бойынша тәрбие жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау.
Әдістемелік ұсынымның құндылығы ұсынылған материалдардың практикаға бағытталғандығында: кәсіби бағдарлауды моделдеудің жолдары, мамандықты таңдау бойынша арнайы курстардың психологиялық-педагогикалық бағдарламалары, кәсіби артықшылық картограммасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы Азамат» жобасын іске асыру шеңберінде әлеуметтік жобалауды ұйымдастыру.
Әдістемелік нұсқаулар балаларды кәсіби бағдарлау мәселелерімен айналысатын педагогикалық қызметкерлер үшін пайдалы болмақ.

 

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма бастығы

Г.К. Курманова