Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Академик Асқар Жұмаділдаев жүлдесі үшін математикадан І Халықаралық олимпиада өткізілді

15.05.2019 pdf_icon 147 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 13-15 мамыр аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өңірдегі математика саласында үздік жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жас мұғалімдерді ынталандыру, жас математиктер базасын құру мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР мемлекеттік сыйлығының және Гумбольд сыйлығының иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев атындағы математика пәні бойынша жас мұғалімдер арасындағы І Халықаралық олимпиада өткізілді.

Ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі А.Жұмаділдаев, Қазақстан математиктері ассосациасының президенті, ҚР білім беру ісінің үздігі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Қ.Мақышев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері мен өңірдегі математика саласында үздік жетістіктерге қол жеткізіп жүрген 110-нан аса жас мұғалімдер қатысты. Олимпиадаға қатысушыларға әртүрлі деңгейдегі 7 есептен берілді.

Халықаралық олимпиадада академик А.Жұмаділдаев жас ұрпақтың келешегі үшін жаратылыстану ғылымын тереңдетіп оқыту, сол арқылы жаңа технологияны жан-жақты меңгеріп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу қажеттігін, «Жас математиктер» байқауының негізгі ұстанымы осы екенін айтты. Бұл бастамаға қолдау көрсеткен және олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастыруға ықпал жасаған қала әкіміне алғысын білдірді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жинақталған ұпайларға сәйкес жеңімпаздар анықталды. Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдармен қатар қаржылай сыйақылар тапсырылды.

1 – бірінші орын (жүлде мөлшері 1 млн. теңге), 2 – екінші орын (жүлде мөлшері 700 мың теңгеден) және 2 – үшінші орын (жүлде мөлшері 500 мың теңгеден) белгіленді.

1-орын – Дәурен Айтмұхаметұлы Айтмұхамет (Алматы қаласы) - 1 млн. теңге қаржылай сыйақымен марапатталды;

2-орын – Бағдат Берікұлы Қабасов (Нұр-сұлтан қаласы), Алексей Михайлович Конаныхин (Алматы қаласы) – 700 мың теңгеден қаржылай сыйақы;

3-орын – Данияр Нұрланұлы Кулболдин (Ақтөбе қаласы), Әлжан Асқар (РФМШ) – 500 мың теңгеден қаржылай сыйақы.

Барлық қатысушыларға сертификат және арнайы ескерткіш жүлде табыс етілді.