Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

2019 – Қазақстанда Жастар жылы

16.05.2019 pdf_icon 99 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 20 мамырында, Алматы қала № 172 мектеп-гимназиясында қалалық «Жас психолог мамандардың коммуникативтік тапшылығының моделі» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Семинарға Алматы қаласының педагог-психологтары қатысатын болады. Семинар жетекшісі - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ББЖППЖЕ кафедрасының аға оқытушысы Коканова Венера Сембековна,модераторы - № 45 МГ педагог-психологы Блац Мария Николаевна.

Сондай-ақ семинар жұмысына психология ғылымының мамандары шақырылып отыр:

1. Сангилбаев Оспан Сейдоллаұлы, пс. ғ. д., Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология кафедрасының профессоры;

2. Ташимова Фатима Сагымбековна, «Психологиялық технологиялар және инновациялар» орталығының директоры, пс. ғ.д., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры;

3. Абдуллаева Гүлзира Олжабекқызы, п.ғ. к., Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология кафедрасының доценті;

4. Сактаганова Тилла Сарсеновна, пс ғ.к., Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің теориялық және практикалық психология кафедрасының аға оқытушысы.

Дөңгелек үстел іс- шарасың өткізу мақсаты: жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеуінде кәсіби қолдау.

Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын айқындайтын маңызды құжаттар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы қаулысы Елбасының бастамасымен қабылданған. Бұл нормативтік құжаттар мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге асырудың құқықтық негіздерін айқын белгілейді.

Ендеше, бұл іс-шара жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеуде кәсіби қолдау, іс-тәжірибелерімен бөлісу болып табылады.

В. Коканова