Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

СҚО: Екіжақты халықаралық ынтымақтастық: жаңа байланыстар – жаңа перспективалар

28.05.2015 pdf_icon 840 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылғы 27 мамырда «Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ Ресей Федерациясы Омбы облысы білім беру ұйымдарының өкілдерінен құралған делегацияны қарсы алды. Бұл іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы мен Омбының шекаралас ынтымақтастығы аясында өткізілді. Петропавл қаласына жұмыс бабымен келген делегация құрамында Омбы облысының Білім министрі Канунников С.Н., ФГБОУ ВПО «ОмМПУ»  ректоры Волох О.В., ФГБОУ ВПО «ОмМПУ»  ректорының инновациялық және халықаралық қызмет бойынша проректоры, педагогика кафедрасының меңгерушісі Чекалева Н.В., Омбы облысының қосымша кәсіби білім берудің «Омбы облысы білім беруді дамыту институтының» ректоры Горбунова Т.С. болды. Омбы делегациясымен бірге кездесуге СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары К.Қалғожина мен ақпараттық-технологиялар орталығының директоры Г. ҚайнетоваМ.Қозыбаев ат. СҚМУ проректоры Л.С. Қайыржанова келді.

Солтүстік Қазақстан облысымен Омбы делегациясына арналған іс-шаралар қатарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО ПҚ БАИ келу де жоспарланды. Омбы жақтың сұранысы бойынша Қазақстан Республикасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ қызметі жағдайында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру тақырыбы қозғалды. Осыған байланысты кездесудің мақсаты ресейлік тарапты Қазақстан Республикасында біліктілікті арттыру жүйесінің  ұлттық тәжірибесімен таныстыру болды.

Кездесу екі жақты көріністен тұрды. Қалыптасқан дәстүр бойынша делегацияны филиал директоры, п.ғ.д. профессор А.Мурзалинова қарсы алып, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық жүйесінің басымдықтарымен таныстырды.

 

А.Мурзалинова өз сөзінде қонақтарға біліктілікті арттырудың қазақстандық жүйесіндегі құрылымдық-мазмұндық жаңарудағы курс мазмұнының жаңаруы, алдағы жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттары,  оны жүзеге асырудағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі туралы айтылды. ПҚ БАИ оқу-әдістемелік қызметі сапалы білім беруді қамтамасыз етуде білім беру ұйымдарының тұрақты және инновациялық  дамуының маңызды құралы болып табылады.

Кездесу соңы тақырыптық экскурсияға ұласып, Омбы облысының білім беру ұйымдарының өкілдері филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен ғана танысып қоймай, «2012-2020 жылдарға арналған «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығын дамыту стратегиясы» аясындағы    олардың арасындағы өзара әрекеттестік пен ерекшеліктерін де көрді.

Қонақтар экскурсия барысында филиалдың техникалық жабдықталуымен ғана танысып қоймай, институт қабырғасындағы жылы көңіл-күйден қазақстандық қонақжайлықтың сезінді

Ресейлік тараптың өкілдері деңгейлік бағдарламалар орталығы тренерлерінің жаңа формациялы мұғалімді даярлау тәжірибесіне қызығушылық танытты, бұл жұмыс бойынша таныстырылым кездесудің екінші бөлігінде көрініс тапты. «Деңгейлік курстар – педагогикалық кадрларды даярлаудың жаңа баспалдағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел екі тараптың өзара пікіралмасуына жағдай жасады.

 

Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі Н.Батырбаева делегацияны жұмыс барысымен таныстырды. Омбы облысының білім беру ұйымдарының өкілдерін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен байланысты  біліктілікті арттырудың жаңа форматы, тыңдаушыларды іріктеу механизмі мен қағидалары, оқытудың нәтижесін тәуелсіз сараптау бойынша жұмыстар қызықтырды.

Кездесу соңында екі тарап ынтымақтастық әрі қарай біріккен жобаларды дамыту және болашағы бар бағыттарды дамыту аясында жалғасатынына сенім білдірді.