Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Педагогтің кәсіби құзыреттілігі білім сапасын көтерудің факторы ретінде

17.05.2019 pdf_icon 100 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

          2019 жылдың 16 мамыры күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  операциялық жоспарына сәйкес «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі - оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция ұйымдастырылды.

                Конференция мақсаты: сапалы білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы идеяларды іске асыру аясында білім беру ұйымдарының педагогтеріне рухани ұлттық тәрбиені оқу мен оқытудың тиімділігін арттыруда сабақ үдерісінде пәнге кіріктіру жайында республика көлемінде тәжірибе алмасу.

        Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары мен тренерлері, облыстық басқарма өкілдері, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлері, ЖОО, колледждің профессор-оқытушылары, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері, оның ішінде республика бойынша 12 филиалдың  ПОҚ 250-ден астам педагогі онлайн режимде қатысты.

       Конференция барысында қатысушылар сапалы білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы идеяларды іске асыру аясында білім беру ұйымдарының педагогтеріне рухани ұлттық тәрбиені оқу мен оқытудың тиімділігін арттыруда сабақ үдерісінде пәнге кіріктіру жайында республика көлемінде өздерінің тың ойлары мен тәжірибелерімен бөлісті.

        «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директорының инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., Ахтаев М.Б конференцияны ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонынмен қатар, іс-шараның негізгі мақсатына сәйкес өз ойын «Отандық білім беруді  жетілдірудің басымдықтары» тақырыбындағы баяндамасымен жеткізді.

        Конференция барысында құнды баяндамалар жасалды: «Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні» тақырыбындағы баяндамамен - Балапанова. Ж.Т., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Атырау облысы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технология» кафедрасының аға оқытушысы; «Физика пәні мұғалімдерінің құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында баяндамамен - Ешимова Ұ.З., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.;  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асырудағы рухани тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбындағы баяндамасымен - Жунусова А.Р., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ мұражай ісінің бас маманы; «Творчество как неотъемлемая компетенция современного педагога» тақырыбындағы баяндамасымен - Ермекова Қ.Т., Шымкент қаласы, №25   Т.Рыскулов атындағы  мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Іс-шара соңында қатысушы әріптестер конференция мақсатына сәйкес өз мамандығын терең меңгерген кәсіби құзіретті мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауының маңыздылығы жайлы   үлкен әдістемелік-тәжірибелік көмек алып, озық педагогикалық идеялар мен ұсыныстарды жинақтады.

Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция қорытындысында іс-шараға белсенді қатысқандар алғыс хаттармен марапатталып, сертификаттарға ие болды.

 

Г.К.,Рахимжанова, «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент