Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Блум таксономиясына сәйкес тапсырма құрастыру

20.05.2019 pdf_icon 139 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 18 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинардың тақырыбы: «Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру». 

Семинардың мақсаты: Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыруда дағды қалыптастыру.

Жоспарланған мақсатқа қол жеткізу үшін мәселенің теориясына терең үңілуге мүмкіндік берген, Л.С. Илюшиннің жағдайлық тапсырмаларын жасаушы кесте пайдаланылды.

Семинарға қатысқан мұғалімдер дағдылар мен құзыреттер қалыптастырды:

  • спиральділік қағидатты ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыруда;
  • бағалау деңгейіне сәйкес тапсырмалар топтамасын жобалауда;
  • сабақтың когнитивтік және аффективті мақсаттарын қамтитын тапсырмаларды қолдануда.

Рефлексия барысында семинардың қатысушылары осы технологияны оқу процесінде одан әрі практикалық пайдалануға қызығушылық тудырды, одан әрі жұмыс жоспарларын белгіледі.

Осы оқыту семинары Сіздерге қызығушылық тудырған болса, Сіздерді қатысуға шақырамыз!

 

Г.К. Тусупкалиева, инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы