Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Ілгері қарай жылжу үшін сен қазір қайда екеніңді білу қажет

22.05.2019 pdf_icon 146 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша бағдарламасын оқу үрдісітерінде педагогтер қалай қолданады? Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдерде оқитын оқушылардың дамуында оң динамика байқала ма? Мектепте оқушы өзін қаншалықты жайлы сезінеді, оқуға қызығушылығы бар ма? Барлық осы сұрақтарға дер кезінде объективті ақпарат алу маңызды, өйткені ілгері жылжу үшін білім беру мазмұнын жаңарту жөніндегі бағдарламаларды оқу үрдісіне енгізудің қандай жағдайда екендігін білу қажет.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ мемлекеттік тапсырмасы аясында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсетуге арналған техникалық ерекшелікке сәйкес 15-26 сәуір аралығында облыстың білім беру ұйымдарында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Мақсаты - 2018 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» біліктілігін арттыру курсынан өткен педагогтердің білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламаларын оқу үрдісінде практикалық қолдану жағдайын анықтау. Зерттеудің объективтілігі оған тек оқудан өткен мұғалімдер ғана емес, мектеп әкімшілігі, сонымен қатар мұғалім-респондент оқушылары және оқушы-респонденттің ата-аналары да қатысты (жалпы саны - 95 елді мекеннен 14622 респондент).

Филиал Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют аудандарының білім бөлімдеріне, Шал ақын ауданының және Петропавл қаласының білім бөлімдеріне уақытылы және сапалы әлеуметтік сауалнама жүргізгені үшін үлкен алғыс білдіреді.

Республика бойынша әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша аналитикалық есеп ел педагогтерінің алған білімі мен іскерлікті қолданудағы оң үрдістер мен қиындықтарды анықтап қана қоймай, өз қызметіне жаңаша қарауға және өз кәсіби құрамдастарына өзгерістер енгізуге көмектеседі деп үміттенеміз.

 

Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет

бөлімінің бас маманы Б.Болатова.