Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Латын әліпбиіне көшу мәселелері

24.05.2019 pdf_icon 105 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында латын әліпбиіне көшу туралы жариялады. Бұл реформаны енгізу Елбасының саяси шешімі болды.

Осыған байланысты Үкіметке нақты тапсырмалар берілді, латын әліпбиіне көшу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына Үкімет мүшелері, депутаттар, ғалымдар кірді. Латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі жасалды. Өркениетті әлем латын графикасына ие. Латын әлемнің 100-ден астам елінде қолданылады. Түркия 1929 жылдан бері, Әзірбайжан 1992 жылдан бері, Өзбекстан мен Түркіменстан 1993 жылдан латын әліпбиіне көшті. Қазақстанда латын әліпбиінің 1929-1940 жылдары қолданылғаны тарихтан белгілі. Бірақ Кеңес өкіметінің идеологиялық саясатына байланысты Қазақстан кириллицаға көшуге мәжбүр болды. ХХ ғасырда Қазақстан әліпбиді үш рет өзгертті (1929 жылға дейін араб графикасы қолданылды, 1929-1940 жылдары латын әліпбиі, 1940 жылдан кириллицаны пайдаланылады). Бүгінде елімізде Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынуда.

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ тіл мамандары латын әліпбиіне көшу аясында осы мәселеге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешен, дидактикалық материалдарды әзірлеу мәселелері. Қазақ тілінің негізгі қағидалары, орфографиялық және орфоэпиялық ерекшеліктері, тілдік норма, оның негізгі белгілері талқыланды.

 

А. Арзиева