Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу»: білім беруді тұрақты дамыту мүддесінде

27.05.2019 pdf_icon 121 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 23-24 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында «Үздіксіз білім беру: тұрақты даму мүддесінде» атты халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Жаңа талаптарға» Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Эстония, Нидерланды, Польша, Гонконг, АҚШ сарапшылары қатысты.

Конференцияны БҰҰ-ның білім және мәдениет мәселелері жөніндегі үкіметаралық ұйымы (ЮНЕСКО), Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырды.

Конференция қатысушылары жаһандық бейбітшілік, тілдік оқыту, ресми және бейресми білім беру талаптары тұрғысында үздіксіз білім беру мәселелеріне тоқталды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының Төрағасы С.Б. Испусинованың Қазақстандағы бастауыш мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұнын сынақтан өткізу бойынша пилоттық жобасының нәтижелері, Екатеринбургтан келген профессор Н.О. Вербицкаяның Интернет кеңістігінің шексіз цифрлық ағынында ойлауды қалыптастыруға нейропедагогиканы зерттеу , Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің деканы А.К. Сағынтаеваның Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру жағдайында әлеуметтік әділеттілік, Гонконг университетінің профессоры Чан Кэтриннің білім принциптерінің оқу жоспарларын әзірлеуге әсер етуі туралы және т.б. баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды.

Конференцияның панельдік сессияларының бірі үздіксіз білім беру жүйесіндегі цифрландыруға арналды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры С.Д. Муканова цифрлы білім беру ортасын құру педагогтардың құзыреттілігін дамытудың ресурсы ретінде туралы баяндама жасады.

Пленарлық, панельдік пікірталас барысында қатысушылар, өмір бойы білім беру барлық білім беру реформаларының басты қағидасы болып табылатындығына келісті.

 

Мукушева М.А., әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқарма бастығы