Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Өрлеуліктердің жылы жүрегінен…

03.06.2019 pdf_icon 108 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Жадыраған жаздың алғашқы күніндегі ең көркем, мейірімді мейрам – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі. Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Co-working-орталығында балаларға арналған "Өлкенің гүл жайнаған  бақытты балғындары" атты музыкалық, танымдық  мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға кішкентай бүлдіршіндер, балалар, ата-аналар сонымен қатар, біліктілікті арттыру курсына келген балабақша мамандары қатысты.  Балалар «Дос іздеген бота» ертегісінен көріністер тамашалап, ұлттық ойындар, эстафеталық ойындар «Леопольд пен Фея», сенсорикалық ойындар «Өз түсіңді тап», санамақтар, жаңылтпаштар, «Жайдары жаз», «Біз бақытты баламыз» тақырыбында суреттер салды. Ертегілерге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті. «Мен өз елімнің патриотымын!» бөлімінде  патриоттық әндер шырқалып, барлық қатысушылар флешмоб стилинде би биледі.

Мерекелік шара Co-working-орталығының балаларға биылғы жазғы демалыс уақытында жұмыс мерзімінің бастамасы болды. «Нұр Отан» партиясының «Қазіргі заманғы білім беру орталықтары» жобасы аясында ашылған Co- Co-working орталығында демалуға арналған қажетті жиһаз, заманауи жабдықталған кітапхана, жаңа модификациялы интернетке қосылған компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер, Wi-Fi желісіне тегін кіру, интерактивті тақта, сандық QR кітапханасының оқу ресурстарын пайдалану, «Arduino», «Лего» робоконструкторларымен  жұмыс жасау мүмкіндігі және  Монтессори студиясы бар. Өткізілген шара балаларға көтеріңкі көңіл- күй, қуаныш сыйлап, санасында жағымды әсерімен сақталатын мәнділігімен ерекшеленеді. Бүгінгі мерекелік шараға қатысқан барлық қатысушыларға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымы ризашылығын білдіре отырып, зор денсаулық, бейбіт өмір, ашық аспан астында балаларымыз бақытты болсын деп тілейміз!!!

 

Ермекова Н.Н.,

PR, SMM - маман, магистр