Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Облыстық эссе байқауы

11.06.2019 pdf_icon 102 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ жаңартылған білім мазмұнында сабақ беретін пән мұғалімдері  арасында «Жаңартылған білім беру мазмұны – білімділіктің негізі» тақырыбында  облыстық  сырттай эссе байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты :

- Жаңартылған білім беру идеясын орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде міндеттерді жүзеге  асыру; 

- Өз тәжірибелеріндегі жеткен жетістіктерін шығармашылықпен жеткізе білу;

- Жаңартылған білім мазмұнымен сабақ беретін пән мұғалімдерінің     кәсіби мәртебесін көтеру.

Жалпы ұсынылған жұмыстарға бағалау критерийлеріне негізделіп орындар берілді. 

        Эссе жазу барысында  пән мұғалімдері «Жаңартылған білім беру мазмұны – білімділіктің негізі» тақырыбының болашақта жас ұрпақты оқытуда  өте өзекті екендігін жан-жақты ашып көрсете білген. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беруді қалыптастыруда әрбір ұстаз үшін эссе мазмұнының маңыздылығы өте жоғары болып есептеледі.

Түркістан облысының аудандары мен Шымкент қаласының мұғалімдері аталмыш байқауда белсенділік танытып, шығармаларын кең көлемде ұсына білді.

 

 

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды ендіру зертхана меңгерушісі Батырбаева Ж.К.