Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Біліктілік арттыру курстары – үздіксіз кәсіби даму кепілі

13.06.2019 pdf_icon 103 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 10-28 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттырудың 6 курсы жүргізілуде.

Біліктілікті арттыру курсының мақсаты – оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын үйрету.

Курс барысында бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған білім беру бойынша спиральді білім бағдарламасымен және пәннің оқу мақсаты мен міндеттерін меңгеріп, педагогикалық тәсілдерін, қолжетімді ресурстарымен сондай-ақ критериалды бағалаудың түрлері, дискрипторларды іс-тәжірибеде тиімді қолдануды меңгеруде. Сонымен қатар белсенді білім беру ортасын қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, функционалды сауаттылықты арттыру жолдары көрсетіліп, бағдарламаны іске асыру, жоспарлау жұмысы жүргізіліп, түрлі бағытта тәжірибелік, ықшам сабақтар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізілуде.