Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Дөңгелек үстел «Әлеуметтік серіктестікті дамыту оқушылардың кәсіптік дайындық сапасын қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі ретінде»

01.06.2015 pdf_icon 811 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 26  мамырында курстық дайындық аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» филиалы «Әлеуметтік серіктестікті дамыту оқушылардың кәсіптік дайындық сапасын қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі ретінде» тақырыбында Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжде» дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білімнің арнайы  және жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары, колледждердің әлеуметтік серіктестері: «БК-Строймонтаж» ЖШС құрылыс бойынша директордың орынбасары Михайлов Дмитрий Валентинович және «Баян-Сұлу» АҚ кадрлар даярлау бойынша инженері Новгородова Марина Викторовна қатысты. 

Іс-шараның мақсаты – колледж түлектерінің дайындығы және еңбекпен қамтамасыз ету мәселесіндегі сындарлы ынтымақтастықтың жаңа түрлерін іздестіру. Дөңгелек үстел бағдарламасы екі блоктан құрылған: ақпараттық және дискуссиялық. Ақпараттық блокта дөңгелек үстелге қатысушыларға келесі өзекті мәселелерді талқылау ұсынылды: әлеуметтік серіктестік, бұл проблеманы шешу үшін колледжді бітірушінің кескіні, кәсіптік дайындық  үрдісінің сипаттамасы, жұмыс мамандықтардың имиджі  атты маңызды аспектілерін түсіну қажет. «Әлеуметтік серіктестік туралы келісім-шарт – ол қандай болу керек?» атты пікірталас әлеуметтік серіктестер мен оқу орындардың бірлескен жұмысында кездесетін проблемаларға қызығушылықты арттырды.

 

Келесі әлеуметтік серіктестікті дамытудағы мәселелер қозғалды: 

- «әлеуметтік серіктестермен» бірлескен жұмыс: проблемалары және болашағы;

- «әлеуметтік серіктестікті» дамыту;

-  әлеуметтік серіктестердің оқу орындардағы қамқоршы кеңестеріне қатысу;

Осы мәселелер бойынша барлық қатысушылардың ұстанымдары, көзқарастары айтылды. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысында әлеуметтік серіктестер мен колледждердің өзара қарым-қатынастарының бағыттары және түрлері бойынша ұсынымдар қабылданды:

-  кәсіпорынның қажеттерін ескерумен жұмыс бағдарламалар мен оқу жоспарлар құрастыруға қатысу,

- оқу бағдарламалардың мазмұнын кәсіпорындардың жетекші мамандарының ұсынымдарына сәйкес түзету;

-  кәсіпорындарда тәжірибелік сабақтар өткізу;

- өндірістерге саяхаттар жасау;

- мемлекеттік емтихандар қызметіне қатысу;

- біліктілік емтихан тапсыру бойынша комиссия жұмысына қатысу;

-  кәсіпорындар мамандары өндірістік тәжірибені басқаруға қатысу;

-  жаңа технологияларды және жабдықтауларды зерделеу бойынша арнайы курстарды бірлесіп құрастыру;

-  колледждің оқытушылары және ө/о шеберлеріне арналған өндірістік тағылымдамадан өтуге арналған бағдарламалар әзірлеу;

 

Білім беру ұйымдардың барлық салалардағы әлеуметтік серіктестермен тығыз ынтымақтасуы республиканың бәсекеге қабілетті азаматтарын тәрбиелеу үшін өте маңызды.   ТжКБ студенттерін тиімді оқыту үшін екі серіктестің қарым-қатынастарын нығайту қажет. Аталған дөңгелек үстел ТжКБ ұйымдардың әлеуметтік серіктестермен ынтымақтасудың көптеген мәселелерін қарауға және тығыз байланыста болу үшін кейбір міндеттерді шешуге мүмкіндік берді.