Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Ақтөбе-Өрлеу» - «СОЦИОС» Орынбор

21.06.2019 pdf_icon 109 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

       Шекара аймақтық ынтымақтастық туралы  Меморандумды жүзеге асыру аясында  «Ақтөбе-Өрлеу»  «СОЦИОС» Орынбор Әлеуметтік  институтымен бірлесе «Әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықтың даму болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Орынбор қаласының «СОЦИОС» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.В.Сальцева дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын әлеуметтік саладағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелеріне аударды. Көп жағдайда, әлеуметтік және кәсіби салаларда: психология және педагогика, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік-мәдени қызмет, әлеуметтік педагогика, қосымша білім беру педагогикасы, отбасылық білім, әлеуметтік саладағы менеджмент және басқару.

С.В. Сальцева өз сөзінде «СОЦИОС» институтының қызметкерлері шығармашылық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

«Ақтөбе-Өрлеу» институтының директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева қонаққа алғысын  білдіріп, әрі қарай белсенді ынтымақтастыққа деген сенім білдірді және халықаралық білім беру қатынастары бүгінгі күні халықаралық мәдени тәжірибе алмасудың маңызды және болашағы зор бағыттарына жатқызылуы мүмкін екенін атап өтті.