Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Математика пәні мұғалімдерінің курстары аяқталды

24.06.2019 pdf_icon 96 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 21 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша математика пәні мұғалімдерінің курстары аяқталды.

Курстардың қорытындысы 9, 10 сыныптардағы алгебра және геометрияның әртүрлі бөлімдері бойынша 202 қысқа мерзімді сабақ жоспарлары болды. Оны тренер Б.Н. Бигельдинованың қолдауымен, облыстың барлық аймақтарының математика пәнінің мұғалімдері әзірледі.

Жоспарлар көрсетілді:

  • пән бойынша мұғалімдердің жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымы, мазмұны, мақсаттары мен міндеттерін түсінуі;
  • математика бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білу мүмкіндігі;
  •   оқытуды қолдайтын қалыптастырушы бағалауды жобалау дағдылары.

Қысқа мерзімді жоспарларды қорғау барысында мұғалімдер көрсетті:

  • оқушылардың қажеттіліктеріне сабақ мақсаттарын бағдарлай әрі оларды SMART форматында қалыптастыра білу;
  • оқу үрдісіне оқушыларды тартуға бағытталған оқу процесін жобалаудағы дағдылар, белсенді оқытуды қолдайтын әдістерді таңдай білу;
  • саралаудың әртүрлі тәсілдерін жоспарлау дағдылары, оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тапсырмаларды әзірлеу;
  • оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша тапсырмаларды дайындау, белгіленген оқыту мақсаттары, тапсырмалар мен дескрипторлар негізінде бағалау критерийлері;
  • оқушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдай білу мүмкіндігі.

Курста оқу барысында алынған тәжірибе туралы ойлана отырып, мұғалімдер: пәнге қалай оқыту керек екендігіне тұрақты сенімділікті; жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға дайындық пен мұғалімнің өзінің кәсіби тәжірибесін түсінудегі рефлексия рөлінің маңыздылығын атап көрсетті.

 

Б.Н. Бигельдинова,

инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы