Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ тренерлері «STEM-CLIL» технологиясын меңгеруде

24.06.2019 pdf_icon 112 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамымен 2019 жылғы 18-21 маусым аралығында «STEM-CLIL»технологиясы бойынша біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

Курстың мақсаты:«STEM-CLIL» технологиялары арқылы білім беру процесін жобалау аясында Робототехника тренерлерінің кәсіби құзырлылығын арттыру болып табылады.

Курстың міндеттері «STEM» білім беруде «CLIL» әдістемесі арқылы көптілділікті жүзеге асыру бойынша білім деңгейлерін арттыруға жағдай жасау, роботтандыру мен автоматтандыруға «STEM-CLIL»технологияларын қолдану туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру, интернет-өнімдерін (loT), 3D модельдеу және басып шығару түсініктерін меңгерту бойынша практикалық дағдыларын дамыту болып табылды.

           «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ бас маманы Пиржанова Айғаным Зульпыхаровна онлайн режимінде оқи жүріп осы курстың өзектілігін атап өтті. Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудегі негізгі үрдістердің бірі болып табылады және академиялық, ғылыми-техникалық концепциялардың шынайы өмір сүру жағдайында зерттелетін кіріктірілген оқыту әдісі болып табылады.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ

бас маман А.З. Пиржанова