Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Диплом тапсыру рәсімі өтті

26.06.2019 pdf_icon 121 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 26 маусымы күні Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің бітіруші түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өткізілді.

Салтанатты жиын барысында «Өрлеу» БАҰО» АО филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шынтасов, кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты С.Алшынбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті М.Жүсіпбекова түлектерге колледж бітіргені жайлы диплом тапсырды. Түлектерді өмірдегі маңызды кезеңдердің бірі – жоғары колледжді бітіруімен құттықтап, оларға сәттіліктер тіледі.

Биылғы жылы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжін 26 мамандық бойынша бітіруші түлектер саны – 539, мемлекеттік тапсырыспен – 114, күндізгі бөлімде – 413, сырттай бөлімде – 126 түлек. Үздік диплом 55 түлекке табысталды.

Мерекелік кеш соңы колледж өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.