Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Есеп беру жиналысы

27.06.2019 pdf_icon 126 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 27 маусымы күні Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы М.Әбдіхалықованың есебі тыңдалды.

Есеп беру жиналысына облыстың білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, жергілікті аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, колледж директорлары, ардагер-ұстаздар, ата-аналар және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов қатысты.

Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы М.Әбдіхалықованың есепті баяндамаларында облыс аумағы мен қаладағы мектепке дейінгі білім мен тәрбие саласынан бастап кәсіптік-техникалық білім беру саласында атқарылған істер, жеткен жетістіктер және алдағы міндеттер жан-жақты келтірілді. Сонымен қатар, аймақтағы кәсіптік-техникалық сала алдында тұрған мәселелер жайлы И.Құттықожаев және т.б. облыстағы білім саласының басым бағыттары туралы хабарлама жасады.

Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.