Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

UstazFest - дамытушы демалыстың жаңа форматы

01.07.2019 pdf_icon 103 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Жастар әрдайым кез-келген жағдайға бейресми көзқараспен ерекшеленеді және Жастар жылы Павлодар мен Новосібір облыстарының жас педагогтері үшін күтпеген тосын сыйларға толы болды. UstazFest ... Павлодар облысының кәсіподақ қозғалысының белсенділері аймақаралық жастардың педагогикалық форумын осылай атады. Түр мазмұнды анықтайды қағидасына сүйене отырып, ұйымдастырушылар барлығын: іс-шараның уақытын, орнын, сыртқы атрибутикасын және ішкі мазмұнын ойласытырған. Маусым айының соңғы бес күні 24-і мен 28-і  аралығында Новосібір мен Павлодар облысының жас педагогтері Қазақстандық маржандардың бірі - Баянауыл Ұлттық саябағындағы Жасыбай көлінің жағасында орналасқан «Жан» демалыс базасында өткізді.

Барлығы бес-ақ күн болып көрінгенмен, бірақ өзіне көп нәрсе сыйғызды! Тәулігіне 20 сағат: таңғы 7-ден түнгі 3-ке дейін прайм-тайм уақыт режимінде, жастар идеяларды түрлендіріп, оларды күтпеген тың жобаларға айналдырды. Жұмыстың жаңа түрлері де қызығушылық тудырды: «Тақырыптық таңғы гимнастикасы», «Креативтік - тайм»,  «Өзіңді аш!» шығармашылық сағаты, би рингі,  «Мен білемін! ... немесе білмеймін?...» кәсіподақтың заңды іс-қимылдары бойынша блиц-турнир, «Табыстың құрастырушысы» күнделікті тренингі, «Назарда бол!» диалогтық алаңы, «Жасыбайдың жеті қыры» квест, ең бастысы - «Шығармашылық. Ынтымақтастық. Ізденіс» атты прайм-таймдағы - іскерлік әңгімесі,  TED Talks  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын аясында», «Асық ату», «Теңге алу», «Арқан тарту» ұлттық ойындары, «Менің педагогикалық табылымдарым» атты баддинг-сесиясы, «Күмбірле, Домбыра!» музыкалық кеші, «Үзіліссіз би» би батлы, «Өзі өзіне дәлелдеу» Timelapse форматындағы дәріс, «Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі іске асырудың ресурстары» тренингі, «Жалмауыздар шатқалы» экологиялық сағаты, «Пай-пай! «Қазақ дастарханы!» конкурсы. Әр түн уақиғаға толы күннің қорытындылары жөніндегі репортажбен аяқталды.

Барлық іс-шаралар белсенді әрі көпшілік сипатта болды, себебі қатысушылардың барлығының қатысуы өткізіліп отырған сессияның міндетті шарты болды. Мұнда «басқаларды оқыта және бөлісе отырып, өзім дамимын» қағидасы анық және тізбекті түрде жүзеге асырылды.

Аталған іс-шараның модераторы Павлодар облыстық ұйымдарының басшылары: облыстық педагогикалық қызметкерлердің кәсіподақ комитетінің төрағасы Г.А. Наурызбаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облыс бойынша филиал директоры Р.Д. Ашимбетова, ішкі саясат басқармасының басшысы Е.Н. Дауенов, облыстың білім беру бөлімдерінен болды.

Өзін-өзі дамыту, жаңа серпілістен жеке өсуге және шығармашылық әлемді қабылдау бойынша практикаға бағдарланған оқытумен біріктіріліп өткізілген демалыстан қалған әсерлер жас педагогтердің есінде көпке дейін сақталады. Мұндай іс-шара екінші рет өткізіліп жатқанын және оған қатысуға ниет білдірген педагогтерге жыл бойы кәсіби жетістіктерін көрсету үшін зор ынталандыру болып табылатынын атап өткен жөн.

Жастар кеш сайын өткізілген кері байланыста және таңғы көңіл-күйде  квест жағдайында өздерінің жеке тұлғаларының күтпеген қырларының ашылғанын атап өтті. Жас мұғалімдердің аспаздық қабілеттерін анықтауға арналған соңғы шара - «Пай-пай! «Қазақ дастарханы!» конкурсы  ұмытылмас әсер қалдырды. Оның шарттары бойынша үш топ ерекше ұлттық тағамдар: сірне, палау, бауырсақ, самса және шелектер дайындады. Рәсімдеуден бастап дәмдік сапаларына және дайындаған тағамдарды ұсынуына дейін барлығы бағаланды. Дайындық барысы камераға операторлардың комментарийлерімен жазылып отырды және ол туралы фильмді көрермендер шынайы қызығушылықпен қарсы алды.

Талантты адам барлығында талантты екендігінің шындығы тағы бір дәлелге ие болды, өйткені дайындалған тағамдардың жоғары сапасы оларды далада дайындау жағдайларына іс жүзінде сәйкес келмеді. Педагогтер өмірлік тапқырлықтарын, өздерінің функционалды сауаттылықтарын және іс-шара тойымды кешкі астан кейін өтседе тағамдарды сынау кезінде айрықша тәбетті көрсетті.

Соңғы күн жас мұғалімдердің жүректерінде өшпес із қалдырды, өйткені Баянауылдың қасиетті жерлеріне бару - басқа әңгіме тақырыбы болып табылады. Қоштасу кешінде әр қайсысы өзін-өзі дамытуға арналған педагогикалық табылымдарды, алған идеяларды жүзеге асыру үшін күшті импульс алғандығын атап өтті. Жас педагогтердің алда көп уақыттары бар, бірақ бұл ресурстың босқа жұмсалмағаны маңызды. Біздің ойымызша, дамытушы демалысқа жаңа көзқарас, жаңа өзін бағалау – бұл жас педагогтерге қолдау көрсету тұрғысында айтылуы және өмірде жүзеге асырылуы керек.

 

Р.Д. Ашмбетова,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ директоры.