Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жоғары оқу орны қызметкерлері үшін курс

02.07.2019 pdf_icon 148 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 24-28 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтында Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті оқытушылары мен қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсы өтті. Курстың тақырыбы: «Инновациялық өзгерістер жағдайында жұмыс жасауға университет оқытушысының кәсіби дайындығын дамыту».

Оқыту барысында тыңдаушылар кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін қажетті дағдыларды меңгерді:
  • жоғары білімнің дамуындағы жаһандық үрдістер мәнтәтінінде олар жұмыс істейтін университеттің қызмет мазмұнын салыстыру;
  • белсенді оқыту түрлері мен әдістерін, формативті бағалау әдістері мен тәсілдерін бейімдеу;
  • білім алушылар санатын ескере отырып, саралау әдістерін таңдау;
  • сабақтың әртүрлі кезеңдерінде белсенді оқытуды ұйымдастыру;
  • ақпараттық визуализацияның заманауи құралдарын жасау және қолдану;
  • табысты ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыру.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

 

М.А. Жетписбаева,

директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде орынбасары, ф.ғ.к.