Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Ардагер ұстаздармен кездесу

03.07.2019 pdf_icon 151 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

28 маусым күні  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ардагер ұстаздарды ұлықтау мақсатында «Көргені көп, түйгені мол ардақты ұстаздар» атты тағылымды сұхбат кешін ұйымдастырды.

Шараға институт ардагерлері Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы, Ізмұханбетова Латифа Салахиденқызы, Бегебаева Бақтылы Насырбайқызы және Ташмұханова Орал Матжанқызы қатынасты.

Тағылымдық кештің алғы сөзі институт директоры Ғалымжанова Маржан Әнесқызына берілді. Институт басшысы ардагер ұстаздардың өнегелі де ғибратты өмір жолдары туралы әңгімелеп, мекеменің қол жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Шара барысында кеш қонақтары жүргізушінің арнайы дайындалған сұрақтарына жауап берді. Ардагерлер алғашқы еңбек жолдарының басталғанын сағынышпен еске ала отырып, «Ұстаз» атты қасиетті де қастерлі мамандықтың қыр-сырына жан-жақты тоқталды. Сұхбат кешінде ардагер ұстаздар институт қызметкерлерімен қызықты да қиын еңбек жолдарының естеліктерімен бөлісті.    

Әзілі мен әдемі естеліктерге толы еркін форматтағы ерекше кеш болып өтті. Кеш соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, ардагер ұстаздарға қошемет көрсетілді.

 

 

"Өрлеу"БАҰО"АҚ филиалы Атырау облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының

курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының

PR-SMM маманы Хамметова Нұрайым Меңетайқызы