Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Практикалық семинар - кәсіби мамандардың ой бөлісуі

12.07.2019 pdf_icon 62 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 11 шілдесінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ «Балаларды психологтық-педагогикалық сүйемелдеу: сауалдар мен шешу жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізді. Қарағанды, Жезқазған, Саран, Теміртау қалалары, Абай, Бұқар жырау, Нұра аудандарының психолог-практиктері мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалармен жұмыс барысында туындайтын мәселелі сауалдарды талқылап, тренинг жұмысына белсенді қатысты.

Педагог-психологтар Бекжанова Г.Е. (Жезқазған қ.) мен Жакешова А.О. (Абай ауданы, Топар п.) арт-терапия бойынша тренинг, Тягнибеда Н.Ю. (Саран қ.) – ертегі терапиясын, Чудайкина Н.Н. (Теміртау қ.) – нейрографика, Морозова Д.В. (Қарағанды қ.) – тиімді тайм-менеджмент бойынша, Рыбакова О.В. (Абай ауданы, Агрогородок с.) – психикалық және физикалық денсаулықты сақтаудың заманауи тәжірибесін қолданумен бөлісті.

Түзету жұмыстары әдістерімен педагог-психолог Акимбекова Г.С. (Абай қ.), инклюзивті білім беру аясында – Бариева И.С. (Қарағанды қ.) мен Чурбакова Л.В. (Нұра ауданы, Нұра п.) ой бөлісті.

Психолог-практиктер Куралесова Е.В. (Қарағанды қ.) мен Пустовалова Н.А. (Саран қ.) балалардың эмоционально-ерікті ортасын дамытудағы ерекшеліктерін, Дусмагамбетова М.С. (Қарағанды қ.) – балалардың көмек туралы вербальды емес айғайларын тануды түсіндірді. Семинар қорытындысында тыңдаушылар Қарағандылық «Өрлеуге» педагог-психологтарға арналған сұқбат алаңын құрғаны үшін алғыс білдірді.

Мукушева С.Б., семинар модераторы