Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Сабақты жоспарлау

08.08.2019 pdf_icon 13 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қордай ауданының бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Мектепке дейінгі тәрбие және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Лейла Темірханова орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: білім беру бағдарламасын жаңарту контекстінде сабақты тиімді жоспарлау бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің дағдыларын дамыту.

Курс тыңдаушылары бастауыш сыныптар үшін жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, мазмұнымен, жүйелілігімен, мақсаттары мен міндеттерімен танысты, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын пайдалануды, жаңартылған білім беру бағдарламасының оқу мақсаттарына жету үшін критериалды бағалау жүйесін пайдалануды үйренді. Мұғалімдер бастауыш сыныптар үшін жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде қажетті тиісті дағдыларды қалыптастырды.

 

 

 

Шынар Қоянбаева,

курстан кейнгі қолдау және инновацияларды

енгізу зертханасының PR SMM маманы