Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары

09.08.2019 pdf_icon 13 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

07.08.2019 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ тренері Гүлбала Кеніштайқызы, ББПППС кафедрасы зертханасының меңгерушісі Перуза Асылбек курс тыңдаушыларымен Шамалған елді-мекенінде орналасқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына келді. «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы КММ директоры Коржумбаева Адиля Бериковна, ғылыми қызметкерлері Абу Алпамыс, Бұлбұл Нұрбекова, Нұрғожа Қыдыр іс-шараға қатысушыларды қонақжайлылықпен күтіп алып, мекеменің тарихи мәні зор монументтерімен таныстырды. Жәдігерлердің құндылығы мен ерекшеліктері туралы әңгіме өрбіді.

Қазақстанның сыртқы саясатына арналған конференц-залында курстың сабақ жоспарына сәйкес Гүлбала Кеніштайқызы Елбасының «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына жан-жақты тоқталды.

Курсқа қатысушылар тарихи жәдігерлердің, Қазақстанның киелі мекендері мен ғажайып табиғатын аралату, көрсету арқылы оқушының сыни тұрғыда ойлау дағдысын қалыптастыратынына баса назар аударып өз тұжырымдарын айтты. Еліміздегі туризмді дамытуға ұсыныстарын білдірді.

Орталықтың ғылыми қызметкерлері Абу Алпамыс, Нұрғожа Қыдыр мұғалімдерге Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес оқушылардың бойында ұлтжандылық, адамгершілік, отансүйгіштік қасиетін дамыту үшін мейлінше экскурсиялық сабақтарға көбірек тартуға кеңес берді.

 

П.Асылбек,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ