Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Квест-семинар

12.08.2019 pdf_icon 93 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 9 тамызында мектептердегі оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізуге арналған эксперимент алаңының мүшелері «Қызыл түйме» квестіне барып қайтты. Бұл іс-шара тәжірибе алмасу және оқу тапсырмаларын жазу және өткізу әдістері, әдістер арсеналын кеңейту мақсатында жоспарланған. Іс-шараға қаладағы № 46 мектеп-гимназиясы мен №77, 17 ЖББ эксперименттік мектептері директорларының орынбасарлары, оқытушылары және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ профессор-оқытушылар құрамының аға оқытушысы Кайдакова Виктория Юрьевна қатысты.

Квест-семинар барысында қатысушылар шифрлаудың сырын ашып, құпия бөлмелерге кіріп, жерді «ядролық қауіптен» қорғау жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, «зымыран ұшыруды» жүзеге асыра алатын қаланың атын ашуға мүмкіндік беретін пунк картасымен жұмыс жасады. Іс-шараға қатысушылар құпия агенттер декодтауышпен шифрды шешуге және жіберуге қалай жұмыс істейтінін білді.
Семинар соңында эксперимент алаңының мүшелері жасалған әрекеттердің тиімділігін талқылап, жазбаша түрде жауаптар әзірлеп, эксперименттік мектептердің 3-сыныбына арналған тест тапсырмаларының жауаптарын қайта қарап шықты. 
Сондай-ақ семинар қорытындысында мүдделі әріптестер үшін квест-семинар ұйымдастыру ісі де назардан тыс қалған жоқ.
                                                                              

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ