Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Таза тамыз» жобалық акциясымен таныстырылды

12.08.2019 pdf_icon 10 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлескен аймақтық жобасының насихаттау тобының мүшелерімен кездесу өтті.

Институт директоры Ғалымжанова Маржан Әнесқызы өзінің алғы сөзінде «Атырау-Адалдық алаңы» жобасы туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлы өз сөзін бастамас бұрын қатынасушыларға арнайы дайындалған бейнероликті ұсынып,  «Атырау-Адалдық алаңы» жобасының алға қойған мақсат-міндеттерімен және атқарылып жатқан қызметтеріне тоқталды.

Шараның келесі сөзін алған «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің білім саласына жауапты маманы Тулешова Ания Акановна аймақтық жоба аясында жүзеге асырылып жатқан «Таза тамыз» акциясының насихатталу барсымен және ақпараттандыру жұмыстарын таныстырды.

Шара соңында қатынасушылар қонақтарға өздерінің толғандырған сұрақтарға нақты жауап  ала отырып, алдағы уақытта да жобаға сәттілік тілеп, тарқасты. 

     "Өрлеу"БАҰО"АҚ филиалы Атырау облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының

курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының

PR-SMM маманы Хамметова Нұрайым Меңетайқызы