Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жетістіктеріміздің жемісі!

19.08.2019 pdf_icon 49 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Жамбыл-«Өрлеу» филиалының директоры, п.ғ.к., қауым.профессор Гульшат Медетбекова ұжымды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесіне сәйкес, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында бірінші орынды иеленуімен салтанатты түрде құттықтады.

Филиал директоры өз сөзінде филиалдың 2017 жылы - 3 орын, 2018 жылы - 2 орынды иеленгендігін айта отырып, 2019жылы  - 1 орын алуы заңдылық екендігін айтты.

Себебі Жамбыл-«Өрлеу» ұжымы жеңіске жоспарлы түрде жетті. Ұжым осы жолда бар күш-жігерін аямай еңбек етті, бірлік пен берекенің арқасында, «жүкті жұмыла көтеру» арқылы жеткен жеңіс, шын мәнінде, лайықты деп бағалануы тиіс. Сонымен қатар филиал басшысы осы жеңісті ары қарай жалғастыру керек екендігін айта отырып, ұжым алдында атқарылуы тиіс міндеттер мен мақсаттарды да межелеп берді.

 

 

Шынар Қоянбаева,

курстан кейнгі қолдау және инновацияларды

енгізу зертханасының PR SMM маманы