Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Болашағы мол бастауыш мектеп» халықаралық қашықтық әдістемелік әзірлемелер байқауы бастау алды

03.06.2015 pdf_icon 747 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қазақстан Республикасының заманауи білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде функционалдық сауаттылықты дамыту басым бағыттардың бірі болып табыладыБілім сапасын жетілдіруде функционалдық сауаттылықты дамытудың жаңа амалдарын жүзеге асыру өзекті болып отыр.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

2015 жылғы 1 маусым күні «Болашағы мол бастауыш мектеп» халықаралық қашықтық әдістемелік әзірлемелер байқауы бастау алды, байқаудың модераторыӨрлеу» БАҰО «СҚО ПҚ БАИ» филиалы.

Байқаудың өзектілігі - Елбасының  «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының аясындағы міндеттерді шешуге ат салысу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, озық мектептерді, педагогтерді мадақтау (уәждеу) жүйесін құру болып табылады.

Байқауды өткізудің мақсатыбастауыш мектеп мұғалімдерінің халықаралық зерттеулер талаптарына сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған инновациялық қызметіне қолдау жасау; бастауыш білім берудің құзыреттілік амалын жүзеге асыру; тиімді тәжірибелерді анықтау.

Байқауға Қазақстан Республикасының және жақын шет елдің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып отыр. Байқауға барлығы 75 жұмыс түсті. Байқаудың нәтижесі 2015 жылғы 12 маусым күні шығарылады.

Халықаралық қашықтық байқауының сандық құрамы

 

Ильясова А.Ш., Кусаинова Р.Н., «Мектепке дейінгі тәрбие және

бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары