Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік қызметті модельдеу ерекшеліктері

02.09.2019 pdf_icon 90 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 2 қыркүйек күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қызылорда қаласындағы «Балапан» бөбекжай балабақшасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік қызметті модельдеу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік оқыту семинары өткізілді.

Облыстық семинарға «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Л.Ташева, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері және облыс бойынша 30-дан аса балабақша тәрбиешілері мен ата-аналар, бүлдіршіндер қатысты.

Институттың аға оқытушысы Л.Ташева семинар барысын кіріспе сөзбен ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Семинар барысында балабақша меңгерушісі М.Ахметова «Балапан» бөбекжай балабақшасының жұмыс жоспарымен таныстырды.

Семинарда балабақша әдіскері О.Саутбаева «Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық бағыты», балабақша тәрбиешісі Г.Махатова мен тәрбиеленуші И.Берікұлы «Ұлы даланың жеті қыры» аясында «Қызғалдақ» гүлі тақырыбында жобалау-зерттеу жұмысын, ағылшын тілі маманы А.Шойбекова «Үш тілдік патшалық әлеміне саяхат» атты варитивтік компонент, психолог О.Куразбаева «Қызықты компьютерлік ойындар» атты коучингтер өткізді.

Семинар соңында қатысушылар жобалау-зерттеу жұмыстары және семинар барысында ұйымдастырылған оқу қызметінің тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Облыстық оқу семинарды институттың аға оқытушысы Л.Ташева қорытындылады.