Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Педагогикалық идеялар панорамасы

04.09.2019 pdf_icon 103 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылғы 4 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» атты Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының өңірлік ұйымдастыру комитеті мүшелері мен Сараптау кеңесі мүшелерінің мәжілісі болып өтті.

Мәжіліс барысында байқау жарияланған күннен бастап бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар талқыланды. Институт директорының бұйрығымен бекітілген Сараптау кеңесі мүшелері мен филиал тренерлеріне байқауды өткізу барысында атқаратын міндеттері түсіндірілді.

Байқауда жоғары нәтижеге жету үшін педагогтермен қалай жұмыс жасау нәтижесін талқылаған институт оқытушылары идеяларын ортаға салып, бағыттарын айқындады.