Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Инклюзивті білім берудегі құндылық бағдарларының өзгеруі

06.09.2019 pdf_icon 61 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Жамбыл-«Өрлеудің» профессор-оқытушылық құрамына «Мектепке дейінгі тәрбие және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы  Айгүл Абилова «Инклюзивті білім беру баланы емес, жүйені өзгертуді көздейді» ұранымен «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар өткізді.  

Семинар барысында оқытушылар «Инклюзивті білім беру» ұғымының заманау түсіндірмесін және оның әлемдік білім беру кеңістігіндегі эволюциялық дамуының негізгі кезеңдерімен; инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық және отандық заңнама базасымен, ҚР-да инклюзивті білім берудің өзекті нормативтік қамтамасыз етілуімен танысты.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қанағаттандырудың арнайы шарттары туралы түсінік берілді. Түзету-дамыту жұмыстарының әдістері мен технологиялары, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының оқу бағдарламалары зерделенді. Жалпы білім беруге енгізілген ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мен саралауға командалық тәсіл алгоритмін зерттеді.

Оқытушылар семинарға үлкен қызығушылықпен қатыса отырып, инклюзивтік тәжірибені дамытудағы институттың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы бойынша ұсыныстар мен тың бастамалар айтты.

Шынар Қоянбаева,

курстан кейнгі қолдау және инновацияларды

енгізу зертханасының PR SMM маманы