Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Әріптестеріміз British Council сертификатын алды

05.09.2019 pdf_icon 49 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Ақтауда «Теңізшевройл» компаниясының қаржыландыруымен «English for Success» жобасы аясында мұғалімдерге арналған «English and STEM Camps» семинары өтті. Бұл - Лестер Университетімен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын British Council ұйымының жаңа бастамасы. Осы университеттің ғалымы Марк Виндейл STEM-бағыты және ағылшын тілі мұғалімдерімен бірге «Buggy Balloons», «Circuit Clown», «Helicopter», «Kaleidoscope», «Parachutes» және т.б. тапсырмаларды орындау кезінде ағылшын тілінде қолданылатын ғылыми терминология туралы кеңінен түсінік берді.

«English for Success» жобасы ағылшын тілі және нақты ғылымдар оқытушылары арасында проблемалық оқыту мен іс-әрекеттегі зерттеулерді (action research) қоса алғанда, педагогикалық және аналитикалық дағдыларды жақсартуға бағытталған.

Мұғалімдер алған білімдерін English – Stem лагерьлерін өткізу кезінде оқушылармен оқытушылық жұмыста пайдалана алады.

Сондай-ақ жобаны іске асыруды жалғастыру мақсатында жобаға қатысушылар «Балаларды қорғау туралы хабардарлық», «Балаларды қорғау жөніндегі үйлестіруші», «Балаларға қауіпсіз ұйыммен жұмыс» модульдері бойынша онлайн оқудан өтуде.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың STEM бағыты бойынша тренерлері Ырысжан Шахимова мен Рысгүл Нұрова осы үш модульдің бәрінен ойдағыдай өтіп, сертификаттар алды. Әріптестерімізді құттықтаймыз! Алдағы еңбектеріне сәттілік тілейміз!