Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Біліктілік арттыру курстары – үздіксіз кәсіби даму кепілі

06.09.2019 pdf_icon 23 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 26 тамыз – 18 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес институтта мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында біліктілік арттыру курстары өткізілуде.

Курс бағдарламасының мақсаты – мектепалды даярлық топтары мен сыныптарындағы білім беру үдерісінде баланы дамытуды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру, 5-7 жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалану дағдыларын дамыту.

Курс жоспарына сәйкес мектепалды даярлық топ тыңдаушыларының тәжірибелерін жетілдіру мақсатында көшпелі тәжірибелік сабақтар, тренингтер өткізу жоспарланған.