Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне сабақтар конкурсы өз жұмысын жалғастыруда

06.09.2019 pdf_icon 10 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсын ұйымдастырудың аралық нәтижелері туралы «Өрлеу» Қарағанды педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессорлық-оқытушылық құрамымен пікірталас өтті (ақпан-желтоқсан 2019 ж.).

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының барлық аймақтарынан келген 70-тен астам мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру педагогтары жаңартылған білім беру процесін ұйымдастырудың жеке тәжірибесінен идеялар мен педагогикалық тұжырымдарды бөлісуге ниет білдірді.

«Өрлеу» институтының директоры С.Муканова педагогтарды дамытуда, электрондық ресурстар базасын құруда кәсіби конкурстың маңыздылығын атап өтті. Отырысқа қатысушылар конкурстық жұмыстарды іріктеудің нәтижелерін ұсынды, конкурсқа қатысушыларға әрі қарай әдістемелік және техникалық көмек көрсету формаларын талқылады.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсының педагогтің мәртебесін көтеру саясатын жүзеге асырудағы маңыздылығын айта отырып, Сәулеш Димкешқызы облыстық кезеңнің жеңімпаздарын 22 номинация бойынша 2020 жылы «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетіне жазылуымен марапаттау туралы жеке бастама жасады. Облыстық кезеңнің нәтижелері ағымдағы жылдың 21-25 қазанында жарияланады.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне сабақтар конкурсының облыстық кезеңі өз жұмысын жалғастыруда! Қатысушыларға жеңіс тілейміз!

                                                                   

 

Филинова Н.А., курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу лабораториясының меңгерушісі