Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Бастауыш – сенім, диалог, өзгеріс көзі!

06.09.2019 pdf_icon 15 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 4 қыркүйегінде Муканова Сәулеш Дімкешқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры – Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңес бюросының мүшесі ретінде партияны қайта ретке келтірудің негізгі бағыттарын талқылауға қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайта ретке келтіруді сенімді нығайту, диалогты кеңейту, болашаққа деген сенімділікті қалыптастыру деп атады. Болашаққа деген сенімділік – бізге күш береді, мақсат қою мен ресурстар іздеуге көмектеседі.

Партияның аудандық филиалының төрағасы Татьяна Николаевна Шатохина атап өткендей, партия мүшелерінің алдында Сенім. Диалог. Болашаққа сенімділік бағдарламаларын – «Nur Otan» партиясының 7 серпінін кеңінен түсіндіру және іске асыру, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейту міндеті тұр. Әлбетте, ең бастысы – Елбасы алға қойған міндеттерді іске асырудың тиімді ресурстарының бірі екені анық. Бүгінгі таңда Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында 3800 адамды қамтыған 28 бастауыш ұйым бар.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы 17 филиалға «Өрлеу» институттарының бастапқы партия ұйымдары сауатты, қамқор және ашық адамдардың бірлестігі болуы тиіс деген міндет қойды.

«Өрлеу» Қарағанды институты БПҰ-ның қатарында 36 партия мүшесі бар. Партия мүшелерінің әрқайсысы партия мүшелігін өздерінің әлеуетін ашып, әлеуметтік дағдыларды дамыту мүмкіндігі ретінде қарастырады. Біз әлемді әділ, мейірімді ету мүмкіндігіне сенеміз. Осы мақсатта біз аудан, қаланың әлеуметтік, партиялық жобаларына белсенді қатысамыз.

«Nur Otan» партиясының дамуындағы жаңа кезең өрлеуліктерден, оның жастар қанатынан іс-әрекеттегі өзгерістерді, қарағандылықтардың өміріндегі өзгерістер шындыққа айналуы үшін халықпен жұмыс істеуде білімі мен тәжірибесін тартуды талап етеді!

 

С.Муканова, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңес бюросының мүшесі