Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мектеп жасына дейінгі ұйымда М.Монтессори, В.Воскобовичтің педагогикалық технологиялары арқылы оқытуды ұйымдастыру

09.09.2019 pdf_icon 112 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылғы 9 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Сыр самалы» балабақшасы бірлесіп «Мектеп жасына дейінгі ұйымда М.Монтессори, В.Воскобовичтің педагогикалық технологиялары арқылы оқу қызметін ұйымдастыру. Құм терапиясы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес білім мен білік дағдыларын дамытуда М.Монтессори технологиясы және В.Воскобович әдіс-тәсілдерін ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданып, олардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру арқылы өзіне қызмет етуге тәрбиелеу.

Семинар жұмысына филиалдың аға оқытушылары Л.Ташева, О.Орманов және облыс бойынша балабақша әдіскерлері, тәрбиешілері мен ата-аналар қатысты.

Облыстық семинарды балабақша меңгерушісі Р.Бисенова кіріспе сөзбен ашып, аға оқытушылар Л.Ташева мен О.Орманов семинардың маңызы туралы айтты.

Семинар барысында «Балауса» ортаңғы топ тәрбиешісі С.Рысбаева «Алтын Күз!», «Балдырған» ересек тобының тәрбиешісі А.Сағымбаева «М.Монтессори күнделікті өмір жаттығулары», «Болашақ» мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі А.Ертаева «Қош Келдің, Алтын Күз!» тақырыптарында оқу қызметін ұйымдастырып, Абайдың 175 жылдығына орай өлеңдер оқып, қонақтарға эстафета жолдады. Қатысушылар эстафетаны қабылдап, ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін орындады.

Семинар соңында филиалдың аға оқытушылары Л.Ташева, О.Орманов қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріп, семинарды қорытындылады.