Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Өскеменде әлем түркітанушыларының форумы өтті

09.09.2019 pdf_icon 14 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Жыл сайынғы дәстүрлі «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы Өскеменде қаласында 2019 жылғы 6 қыркүйегінде өтті. Ауқымды форум кезекті рет әлемдік ғылымдарды жинады. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға Франция, Корея, Жапония, Әзірбайжан, Түркия, Үндістаннан қонақтар келді.

Қазақстан археологиясының мэтрі Зайнолла Самашев бастаған қазақстандық ғалымдар жазғы археологиялық қазба жұмыстарын қорытындылап, табылған сенсациялық артефактілердің маңызын әріптестерімен талқылады. Конференция жұмысына МТжТӘ кафедрасының м.а. Щеглов С.Г. қатысты. Этнографиялық көрме мен пленарлық отырыстан кейін С.Г. Щеглов Әзірбайжан Ғылым Академиясының философия докторы Тахир Шахбазовтың басшылығымен халықаралық пікірталас алаңында жұмыс істеді.