Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Тиімді оқытуға бағытталу

09.09.2019 pdf_icon 13 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылғы 19 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында білім беру  мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында «Өрлеу» АҚ «БАҰО»  филиалы СҚО бойынша ПҚ БА институтында бастауыш сынып мұғалімдері біліктілігін арттырды.

 Жаңартылған білім беру бағдарламасын оқуда, оқу бағдарламалардың және оқу жоспарлардың құрылымын меңгеруде 28 педагог белсенділіктерін көрсетті. Топ ерекшеліктерін ескере отыра, жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді енгізуге қажет ететін көлемді материалды тиімді меңгеру үшін барлық жағдайлар жасалды. Жаңа ұжымда өз маңыздылығын көрсететін оқу жүйесінде сабақтар қолайлы психологиялық микроклиматта жүргізілді. Әр тыңдаушы тиісті ақпаратты тиімді оқу және оқыту үшін өзін көрсете алатындай тренингтер құрылды.

        Тренингтік сабақтарда оқу бағдарламаларды оқуға және сабақтардың қысқа мерзімді жоспарлауына өзекті назар аударылды. Оқытудың белсенді түрлерін қолдану бағалау қағидаттарын түсінуге, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың айырмашылығын түсінуге мүмкіндік берді.

ҚР  Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына жолдауындағы ( 2 қыркүйек 2019 ж.) ойы «Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды.» Жаңартылған білім беру бағдарламасы білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне, оқушының жекелігіне мұғалімнің назарын аударуға, педагогтың кәсіби қуатының ашылуына уәждендіреді.

 

  

К.Жамантаева,  

  білім беру процесін психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу кафедрасының  аға оқытушысы