Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Тағы да күз. Тағы да аналар үйі

09.09.2019 pdf_icon 15 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Жамбыл-«Өрлеу»-де «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының қызметкерлері 5 қыркүйек күні Аналар үйінде Отбасы күнін атап өтті.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілді.

Жамбыл-«Өрлеу»-дің қызметкерлері аталған мерекені тойлауды жыл сайын дәстүрге айналдырған. Қоғамдағы бірлік пен келісім негізі ретінде отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Аналар үйіне барып, Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қатысушылар күнделікті өмірде жұмыста кездесетін қызықты жағдаяттарды құрастырып, осы жағдаяттардан шығудың оңтайлы жолдарын сахналап көрсетті. Бұл мерекені атап өту барысында кафедра келесі жылды еріктілер жылы деп жариялауға дайындалуда.

 

 

Елена Бегалиева, ББҮППҚ кафедрасының доценті, ф.ғ.к