Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті және девиантты мінез-құлқының мәселелері туралы әңгіме

13.09.2019 pdf_icon 66 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ ұйымдастыруымен, «Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті және девиантты мінез-құлқының алдын алу» атты халықаралық диалог алаңының жұмысына қатысты. Бұл алаңда айтылған тақырып бүгінгі күні өте өзекті болып табылады, өйткені мамандардың баяндамаларында айтылғандай, Қазақстан көп жылдар бойы жастар арасындағы суицид саны бойынша ең жоғары әлемдік көрсеткіші бар 10 елдің қатарынан шықпай отыр. Осы бағыттағы білім беру ұйымдарының жұмысы бүгінде үлкен маңызға ие. Сондықтан да залда осы тақырыппен жұмыс істейтін мамандар – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп директорлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысты.

Модератор Е.А.Петренко, «ПҚҚББӨО» КММ директоры өз баяндамасында Қостанай облысында соңғы жылдары суицидтік жағдайлардың статистикасы туралы жариялап, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік жағдайлардың себептерін айтып, талдау жүргізді, осы бағыт бойынша Орталықтың жұмыс бағыттарын ұсынды.

Сонымен қатар, мамандар - В.А.Беликов (құрметті профессор, п.ғ.д., Магнитогорск қ.), Н.В.Жаркова (дәрігер - психиатр, психотерапевт, м.ғ.к.), Г.А.Ислямова (КОПЦ психиатриялық қызмет меңгерушісі) А.С.Ерохина («Ақ көгершін» ЖШҚ басшысы, жоғары санатты психолог) Н.Н.Ниязбаева (Start академиялық орталығының директоры, п.ғ.к.), Д.К.Утебаева («ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» ҚҚ жетекшісі) және басқа да мамандар, балалар мен жасөспірімдердің дивиантты, суицидтік мінез-құлқының негізгі себептері мен үрдістерін ашты. Сондай-ақ осы проблеманы шешудің маңыздылығы мен нұсқалары туралы, жастардың өмірге тартылуы туралы, тұлғаны әлеуметтендіру және қалыптастыру үшін жастар жобаларын жүзеге асыру туралы және басқа да мәселелер туралы айтты. Алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін балалармен байланыс жұмысынан алыстап бара жатқан және қағаз есептіліктегі кепілдікке айналған мектеп психологының жұмысының күрделілік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Сұхбат алаңының соңында қатысушылар өз-өзіне қол жұмсау әрекеті кезінде ұсыныстар, алгоритмдер алды, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, полиция, ҮЕҰ және басқа да ұйымдардың осы проблемаларды шешу бойынша бірлескен жұмысының қажеттігіне сенім білдірді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ әзірлеген орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасының танымалдылығы осы тақырыптың маңыздылығын және білім беру ұйымдарының оның алдын алуға және болдырмауға қызығушылығын білдіреді.