Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Blended Learning – біліктілікті арттыру жүйесінде

18.09.2019 pdf_icon 34 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Жамбыл-«Өрлеуде» мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктіліктерін аралас оқу режимінде (Blended Learning) арттыру курстары бастау алды. Курсқа дейінгі кезеңде педагогтерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді: осы жүйе негізінде әзірленген Ереже, білім беру порталымен жұмыс жасау нұсқаулықтары таныстырылып, түсіндірілді. Жалпы Blended Learning режимінде курс тыңдаушылары үш кезеңде білім алады: күндізгі оқу, қашықтықтан оқу (оnline), өз бетімен оқу (оff-line).

2019 жылдың 16 қыркүйегінен басталған «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбындағы аралас оқу режимінде (Blended Learning) 35 білім алушы  біліктілігін арттыруда. Күндізгі оқу кезеңінде білім алушылар  жалпы  курс мазмұнымен танысты. Осы кезеңде нормативтік-құқықтық модуль бойынша контенттерді меңгерді. Қорытындысында білім алушылар осы модуль бойынша аралық бағалау тестілеуде 86-93% аралығында сапа көрсетті.

Ал қашықтықтан оқу (оnline)  кезеңінің алғашқы кездесуінде курс тыңдаушыларына мектепке дейінгі ұйымда әдіскердің кәсіби қызметінің тиімділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары, әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті мен функциялары жөнінде оnline-кеңес берілді.

 

 

Магира Сопбекова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы