Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

18.09.2019 pdf_icon 33 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО «АҚ филиалы» «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» 2019 жылдың 18 қыркүйегінде тарих, музыка, география, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерінен тұратын курс тыңдаушылары үшін Көкшетау медициналық колледжі жанындағы  «Қайырымдылық және ерлік " мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Мұражай Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің Флоренс Найтингейл медалімен марапатталған медбикелерге арналған. Педагогтар өскелең ұрпақты адамгершілік, патриоттық тәрбиелеу мақсатында құрылған мұражайдың тарихы мен экспонаттарымен танысты. Экскурсия жетекшісі мұражайдың «Мейірімділіктің алғашқы әпкелері», «Ұлы Отан соғысы және бейбіт уақытта ерліктері үшін Ф. Найтингейл медалімен марапатталған медбикелер» бөлімдерін ұсынды. Курс тыңдаушылары медициналық колледждің филиалы мен әкімшілігіне танымдық кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.