Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мұғалімдердің медиативті құқықтық мәдениетін қалыптастыру

23.09.2019 pdf_icon 39 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Үнемі өзгеріп тұратын әлемде өзініздің эмоцияларыңызды басқарып, жанашырлық танытып, өз сезімдеріңізді басқара білу маңызды. Осы орайда, 20 қыркүйек күні «Ақтөбе-Өрлеу» институтында облыс мұғалімдері жиналған дөңгелек үстелде дәл осы мәселе талқыланды.

Дөңгелек үстелде «Мектеп медиациясының психологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел курсқа қатысушылардың қызығушылығын арттырды. «Ақтөбе облысының медиаторлар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, сертификатталған жаттықтырушы, медиатор Балпейсова С.А., кәсіби медиаторлар, заңгерлер Иманбаева Г.М., Саликова Д.К. осы іс-шараның қонағы болды және мұғалімдердің назарын жанжалдарды реттеу процесіне аударды, онда делдал деп аталатын, үшінші тарап жанжалға қатысушы тараптар арасындағы ерікті өзара тиімді келісімнің дамуына ықпал етеді.

«Ақтөбе-Өрлеу» филиалының директоры, директоры, ф.ғ.к. Абишева Н.М. өз сөзінде құқықтық дауларды шешудің балама тәсілі ретінде медиацияны белсенді түрде дамыту, азаматтық қоғам аясын кеңейту, интеграциялық процестерді табиғи жолмен дамыту туралы атап айтты.

Сондай-ақ, кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Каплиева А.К. 27 қыркүйекте «Медиация - жанжалды жағдайларды шешудің әдісі» тақырыбында республикалық онлайн-семинар-тренинг өтетіндігін хабарлады, оған қатысу үшін білім беру ұйымдарының өтінімдері қабылдануды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар даулар мен жанжал жағдайларын шешуде медиацияның артықшылығы, сонымен қатар оң нәтиже екенін атап өтті. Мұндай кездесулерді өткізу құқықтық мәдениеттің деңгейін көтеруге, еңбек және басқа дауларды татуластыру рәсімдері арқылы шешуге, дауларды бейбіт жолмен шешуге көмектеседі.

Осы кездесу аясында «Ақтөбе-Өрлеу» институты Ақтөбе облысы медиаторлар кеңесі қоғамдық бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, жүйелендірілетін болады.

 

Куканова Ж.М.

PR, SMM -маман