Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мұғалімдер күнін және Қазақстан кәсіподақ күнін мерекелеу қарсаңында салтанатты іс – шараға қатысу

30.09.2019 pdf_icon 51 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 27 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» кәсіподақ комитетінің төрағасы Р.А. Муканова, ұстаздар күні мен Қазақстанның кәсіподақтар күніне арналған салтанатты шараға қатысты. Іс шараның модераторы - Облыстық кәсіподақтың төрағасы Б.К. Абдрахманов.

«Ақмола облысының кәсіподақтар орталығының  төрағасы К.С. Рахметов құттықтау сөз сөйледі. Облыстық одақ төрағасы Абдрахманова Б.К. Ақмола облысының білім беру кәсіподақ комитеттерінің қызметі туралы ақпарат берді.    

       Кәсіподақ комитеттерінің жұмысы туралы Р.Б. Едрисова баяндама жасады Атбасар филиалының кәсіподақ төрағасы, М.Ж. Салимова Зеренді ауданы Ортак ауылының орта мектебінің кәсіподақ ұйымының төрайымы, Г.К. Рахимова Буланды ауданы «Балдырған» балабақшасының кәсіподақ ұйымының төрайымы. 

Іс-шара соңында марапаттау рәсімі өтті.

Муканова Р.А.