Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мұғалімнің кәсіби мәртебесін көтеру - оның жетістігінің кепілі

04.10.2019 pdf_icon 54 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 3 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2019 ж. 2 қыркүйектегі ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы аясында «Мұғалімнің кәсіби мәртебесін көтеру - оның жетістігінің кепілі» тақырыбында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеушілер, астаналық білім беру ұйымдарының педагогтері, кафедра оқытушылары мен мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

        Дөңгелек үстелдің мақсаты - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау, сонымен қатар педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде мұғалімнің кәсіби мәртебесін көтерудің жолдарын анықтау.

Шараны филиал директоры Людмила Александровна Саинова ашып, өз сөзінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өтті.

Отырыс барысында қатысушылар нақты бағыттар бойынша пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстел отырысының соңында қорытындылары шығарылып, ұсыныстар қабылданды.