Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 11 маусымға ақпарат

11.06.2015 pdf_icon 834 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

8 маусым 2015 жыл

Он-лайн режиміндегі «Психикалық дамуы тежелген балаларды инклюзивтік оқытудың мәселелері» тақырыбындағы республикалық

ғылыми-тәжірибелік семинар

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мәжіліс залында он-лайн режимінде «Психикалық дамуы тежелген балаларды инклюзивтік оқытудың мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

Он-лайн режимінде өткізілген республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар жұмысының мақсаты: инклюзивті оқыту барысында балалардың арасында қандай да бір дискриминацияны жою, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.

 

Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар жұмысына Астана, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Орал қалаларынан және Қызылорда облысының барлық аудандарының білім бөлімдерінен, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларының мамандары, мұғалімдер, дефектологтар тәрбиешілер қатысты.

 

Семинар соңында баяндамашыларға сертификаттар табысталды.

 

8 маусым 2015 жыл

Кеңес отырысы

Облыстық мекемелер үйінің мәжіліс залында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі кеңес отырысы болып өтті.

Кеңес отырысына «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.К.Серікбаев қатысты. С.К.Серікбаев «Білім беру ұйымдарындағы «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдерін тиімді пайдалану және олардың біліктілігін арттыру мәселері» тақырыбында баяндама оқыды.

 

9 маусым 2015 жыл

Он-лайн режиміндегі «Инновациялық технологиялар негізінде пәндерді оқытуды жаңаша ұйымдастыру» тақырыбындағы республикалық

ғылыми-тәжірибелік конференция

 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Инновациялық технологиялар және ғылыми жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен он-лайн режимінде «Инновациялық технологиялар негізінде пәндерді оқытуды жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

 

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының мақсаты: үздік білімдену контексінде педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру жүйесінің білім беру тәжірибесіне инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде пәндерді оқытуды жаңаша ұйымдастыруды енгізу және оқу-әдістемелік көмек көрсету.

 

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана, Алматы, Ақтау, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушы-профессорлары, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері және колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты. Алдағы уақытта конференция нәтижесі бойынша тыңдалған баяндамалар жинағын шығару жоспарлануда.

Конференция соңында баяндамашыларға алғыс хат пен сертификаттар табысталды.