Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Білім беру кеңістігінде қоғам мен діннің өзара әрекеттестігінің негіздері

08.10.2019 pdf_icon 53 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызының жетекшілігімен ағымдағы жылдың 03.10-12.10. аралығында «Білім беру кеңістігінде қоғам мен діннің өзара әрекеттестігінің негіздері» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтіп жатыр. Курсқа зайырлылық және дінтану негіздері факультативтік пәнін жүргізетін тарих пәні мұғалімдері қатысуда.

Білім беру бағдарламасы сапалы оқытуға және мұғалімдерге оқушылардың толеранттылығы мен рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі гуманистік көзқарастарын тәрбиелеуде әдістемелік көмек көрсетуге ықпал ететін теориялық және тәжірибелік білім мен біліктерді алуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың зайырлы ұстанымдарын жүзеге асыру кезеңінде дүниетанымдық, толерантты диалог жүргізу дағдысын меңгеру, ынтымақтастық пен мәдени өзара әрекеттестік педагогикасы негізінде білім беру процесін жобалау мен ұйымдастыру үшін инновациялық технологияларды меңгеруде кәсіби деңгейді арттыру үшін теориямен қатар көшпелі тәжірибелік сабақтар да жүргізілуде.

Тыңдаушылар курс соңында Қазақстан Республикасы Конституциясындағы діни бостандық және ар-ождан бостандығы ұстанымдарын, түрлі конфессияларға жататын азаматтардың құқықтарын регламенттейтін нормативті құқықтық актілерді біледі. Түрлі әлемдік діндер мен діни сенімдердің мәдени құндылықтары арасында байланыс орната отырып, заманауи әлемнің діни картинасындағы адамның орны туралы мәселелерді қарастырды.

 

Г. Кеніштайқызы